Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Қытайда өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде қытайлық Гуаньжи Женмен кездеседі. Мирастың қарсыласы да кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Боксшылар бүгін жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Айта кетейік, Мирас Жақыпов Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы. 2012, 2014 және 2015 жылдары «Astana Arlans» командасы сапында 6 жекпе-жек өткізді. 4 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуінде жеңілген.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама