«Миланнан» Мальдинилер ұрпағы үзілмейді
17 жастағы Кристиан жасыл алаңда жартылай қорғаушы болып өнер көрсетеді. Қазіргі таңда командамен 6 қазан күні «Ювентуспен» болатын кездесуге негізгі құрамда дайындығын шыңдауда.
Кристиан Мальдинилер отбасынан «Милан» сапында ойнаған үшінші футболшы болмақ. Ал оның әкесі Паоло Мальдини аталған клуб қатарында 24 жыл бойы тер төгіп, Чемпиондар Лигасының кубогын бес рет иеленген-ді. Ал 1954-1966 жылдары миландық командада Кристианның атасы Чезаре Мальдини де өнер көрсеткен. 1963 жылы Еуропа Кубогын жеңіп те алған. Сонымен қатар, 11 жасар Кристиан Мальдинидің інісі Данииэль де «Милан» клубының оқу-жаттығу мектебінде тәрбиеленуде.
Чезаре Мальдини
Паоло Мальдини
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: 1news.az