«Миланға» жаңа бапкер келді

О Сансызбай Корреспондент

Голландиялық футболшы бүгін өзінің жасыл алаңдағы спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Және өз рұқсатын берген бразилиялық «Ботафого» командасына алғысын білдірді. Команда ойыншыларымен жеке-жеке қоштасып, көзіне жас та алды.


Кларенс Зеедорф пен «Милан» командасы 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Қазіргі таңда команда ішкі біріншілігінде 11-ші орында келеді.

- Милан? Біз қайта қауыштық. Маған соңғы жинаған тәжірибем өз жемісін береді деген үміттемін. Команда үздік көрсеткішке ұмтылатын болады, – деді 37 жастағы футболшы.

Сонымен қатар, Нидерланды ұлттық құрамасында ойнаған футболшының жетістіктері де жетерлік. Ол үш бірдей команданың сапында («Аякс», «Реал» және «Милан») Чемпиондар Лигасын жеңіп алған. 2002-2012 жылдары «Миланда» ойнап жүргенде екі рет Италия чемпионатын, екі рет Чемпиондар Лигасын, Италия Суперкубогы мен Кубогын иеленді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама