Милана Сафронова жартылай финалға жекпе-жексіз шықты
Милана Сафронованың (66 келі) алғашқы кездесудегі тайпейлік қарсыласы жарыстан бас тартуына байланысты, Қазақстан боксшысы бірден жартылай финалға өтті, - деп жазды ҚБФ ресми парақшасы.
Отандасымыз 7 желтоқсан күні өзбек-тай боксшылары арасындағы жекпе-жекте жеңгенімен кездеседі.
Бұған дейін Дулат Бекбауов (67 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) пен Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Ал Алуа Балқыбекова (50 келі) сырқаттанып, шаршы алаңға шыға алмады.