«Милан» танымбелгісін ауыстырады

О Сансызбай Корреспондент

Бұл маусымда миландық клуб тамаша нәтижесімен көзге түсе алған жоқ. Тұңғиыққа батқан команданы құтқаруға келген Кларенс Зеедорф жұмысы соңғы турларда ғана жемісін беріп келеді. Ал клубтың танымбелгісі (эмблемасы) соңғы рет 1998 жылы ауысқан. Алдағы маусымда бұл өзгеріс орын алар болса, онда  клуб жиырмасыншы рет танымбелгісін ауыстырады екен.

Естеріңізге сала кетсек, Кларенс Зеедорф командасы 33-ші тур ойындары аясында «Катанияны» бір доп басымдығымен жеңіп, 8-ші орынға табан тіреп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ua.tribuna.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама