Михаэль Шумахер ауруханадан шықты

Ардақ Құлтай Корреспондент

«Михаэльдің қайта қалпына келу шарасы енді үйінде жалғасатын болды. Бұған дейін ол апталар мен айлар бойы өз өмірі үшін күресті, бірақ оның алдында әлі де ұзақ және ауыр жол бар», – дейді Сабина Кем. Журналистерге берген баспасөз маслихатында ол клиниканың жұмысшыларына жақсы қызмет атқарғаны үшін алғысын жеткізді.

Жасанды жан сақтау бөлімінде жатқан спортшы шілде айының басында есін жинаған еді. Содан бері ол Лозанна қаласындағы арнайы клиникада емделіп келген.

«Формула-1» жарысының бірнеше мәрте жеңімпазы болған Михаэль Шумахер шаңғы теуіп жүріп басын жарақаттаған. Ауыр жарақатқа қарамастан спортшының ағзасы ұзақ уақыт қайта қалпына келу процесін өткере білді. Дәрігерлер алдағы жылдарда толықтай емделіп шығады деп болжам жасап отыр екен. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: allwomen.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама