Мейвезер Головкинмен жұдырықтасу үшін бір талабын айтты

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ www.sportingnews.com

Алайда Мейвезер Головкинге бір талап қойды. Ол үшін қазақстандық боксшы оның отандасы, WBA тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уордты жекпе-жекке шақырып, оны жеңуі керек.  "Головкинге менімен жұдырықтасу үшін Андре Уордты жеңуі керек екенін айтқанмын. Бірақ оның әлі күнге Андре Уордты жекпе-жекке шақырғанын көрмедім", − деді Мейвезер FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Ал Головкин болса Мейвезермен жұдырықасуға дайын екенін талай мәлімдеген. Бірақ Мейвезер өткен жылдың қыркүйегінде мансабының аяқталғанын жария етті. Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық боксшы мен 25 жастағы Уэйд арасындағы кездесу 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді. Бұл GGG үшін кәсіпқой бокстағы 35-ші жекпе-жек болмақшы.

Дереккөз: tengrinews

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама