«Металлург» пен «Барыс» ойыны төбелеспен аяқталды (видео)
Новокузнецкідегі ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда хоккейшілер арасында қақтығыс орын алып, «Барыс» ойыншысы Найджел Доус пен мұз айдын иелерінің қорғаушысы Александр Васильченко жаға жыртысты. Нәтижесінде төрешілер екі ойыншыға да ескерту жасап, 5 минутқа ойыннан шеттетті. Ал оған дейін үшінші кезеңде Роман Савченко («Барыс») мен Евгений Викс («Металлург») та қақтығысып қалған болатын.
Айта кетейік, «Металлург» пен «Барыс» арасындағы кездесу – маусымның алғашқы ойыны болатын. Мұз айдындағы тартыс 4:2 есебімен новокузнецкілік клубтың пайдасына шешілді.
«Металлург» Новокузнецк — «Барыс» 4:2 (2:0, 0:2, 2:0)
Шайбалар:
1:0 — 08:49 Лебедев. Аз құрамда
2:0 — 16:04 Земченко (Лямкин, Лебедев). Тең құрамда
2:1 — 20:47 Баркер (Доус, Боченски). Тең құрамда
2:2 — 24:13 Кучин (Бельгибаев). Тең құрамда
3:2 — 41:52 Семёнов (Вихарев). Тең құрамда
4:2 — 58:15 Комаристый (Полищук). Аз құрамда
«Металлург» Новокузнецк: Бирюков — Васильченко—Таталин, Емец—Полищук—Анисин; Куклев—Лямкин, Комаристый—Земченко—Лебедев; Постников—Михайлов, Язьков—Вихарев—Семенов; Виксна—Щукин, Караваев—Пархоменко—Бутузов;
«Барыс»: Колесник — Даллмэн-Баркер, Доус-Старченко-Боченски; Семёнов-Савченко, Рымарев-Иванов-Шин; Трясунов-Липин, Михайлис-Гренц-Евдокимов; Лакиза-Панюков, Маркелов-Кучин-Бельгибаев;
Айып уақыты: 28:18 (4:0, 2:2, 22:16)
Бас төреші: Артур Кулёв, Алексей Васильев