Мессидің отбасында ұл бала дүниеге келді
Жұма күні Мессидің әке болғандығы туралы ақпарат тарап кетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен құтттықтаулар келіп жатқан соң, аргентиналық ойыншы реми түрде мәлімдеме жасады:
"Бүгін бізге келіп отырған құттықтауларға көп рахмет айтқымыз келеді. Алайда, отбасымызда баланың дүниеге келгендігі туралы ақпараттың әзірше анық-қанығын айтқымыз келмейді" - деп Месси ағынан жарылды.
Айта кететін болсақ, Мессидің балалы болатындығы туралы маусым айында белгілі болған тұғын. Бұл туралы сол уақытта ойыншының жары Антонелья Роккуццо өз Twitter-інде хабарлама қалдырып еді.
Лионельдің өзі де өмірінде үлкен өзгеріс болатынын 2 маусым күні әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Аргентина мен Эквадор құрамасымен кездескен ойында мәлімдеген-ді.
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт