Мессидің жалақысы қайта қаралатын болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Жалпы соңғы кезде Мессидің өмірі оқыс оқиғаларға толы болды. Ең бірінші оның өзі мен әкесі Хорке Мессиді қалталарын толтыру үшін қайырымдылық матчтарын өткізді деп айыптаса, кейін клубтың экономика бойынша вице-президенті Хавьер Фаус футболшының жалақысын көтеруге ешқандай негіз жоқ екендігін айтқан болатын. Оның бұл ойына Месси «Фаус футболды еш түсінбейтін және «Барселона» сияқты атақты клубта жұмыс жасауға лайықсыз адам» деп жауап қатты. Ал клубтың президенті Сандро Росель: «Месси - әлемдегі ең үздік футболшы, сол себепті де оның жалақысы қалғандарынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс» деп ойын білдірген еді. Естеріңізге салсақ, Месси қазіргі кезде каталониялық клубтан бонустарды қоспағанда жылына 10 миллион еуро жалақы алып отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: isport.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама