Месси жарақаты құпия сақталып отыр

О Сансызбай Корреспондент

Испан басылымы ESPN таратқан ақпарат бойынша, аргентиналық сұрмерген «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы «Манчестер Ситиге» қарсы ойынында жарақат алған. Мартин Демикелиспен соқтығысып қалған Месси оң тізесін ауыртып алған екен. Кейіннен сол жарақатымен «Эль-Класикода» да ойнаған. Қазіргі таңда футболшы емделуде. Жарақатының ауыр немесе жеңіл екендігі туралы ақпарат құпия сақталып отыр.

Айта кетейік, Испания чемпионатында ХХVІІІ тур ойындарының барлығына қатысқан Лионель Месси 32 гол соғып, мергендер көшін бастап келеді. Екінші орынға 25 ойында 31 гол соққан Криштиану Роналду жайғасқан.

Сурет: sovsport.ru 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама