Месси де пенальтиден мүлт кетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ championat.com

Хьюстонда өткен ойында бірінші болып 35-минутта Лисандро Мартинес гол соқты. Алайда ойын аяқталар тұста эквадорлық Кевин Родригес есепті теңестірді. Нәтижесінде жеңімпаз ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды. 

Бірінші болып тепкен Лионель Месси паненка стиліндегі пенальтиді орындай алмады. Дегенмен Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес пенальти қайтаруда қырағылық танытты. Аргентина 4:2 есебімен басым болып, жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, Америка кубогының соңғы жеңімпаздары да осы Аргентина құрамасы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама