Месси алтыншы мәрте "Алтын бутсы" иегері атанды

Аслан Қажиев Корреспондент
Фото ©️ Спорт-Экспресс

Алтын бутсы – Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарындағы үздік сұрмергенге табысталатын марапат. Өткен маусымда Ла Лигада 36 гол соққан аргентиналық футболшы аталған жүлдені қанжығасына басты.

"Мен бұл марапатқа командаластарым болмағанда қол жеткізе алмас едім. Бұл – бәрімізге ортақ жеңіс. Бұл – команданың әр мүшесін мойындау. Баршаңызға рақмет, келесіде кездескенше", - деді Лионель Месси.

Айта кетейік, Месси бұл награданы алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алған.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама