Месси "Алтын бутсыны" төртінші рет олжалады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ rsport.ru

"Алтын бутсы" марапаты – Еуропа біріншіліктерінде ең көп гол соққан футболшыға беріледі. Ол осы маусымдағы Испания біріншілігінде 34 ойында 37 гол соқты. Үздік атануға таласта Бас Дост ("Спортинг", 34 гол) пен Пьер-Эмерик Обамеянгты ("Боруссия" Дортмунд, 31 гол) басып озды.

Аргентиналық футболшы "Алтын бутсыны" төртінші рет иеленіп отыр. Осыған дейін 2009/10, 2011/12 және 2012/13 футбол маусымдарында да үздіктер қатарынан көрінген болатын. Бұл көрсеткіш бойынша ол Криштиану Роналдумен теңесті. Португалиялық футболшы да төрт рет "Алтын бутсы" иегері атанған футболшылардың бірі. Ол осы маусымдағы Испания біріншілігінде 25 гол соқты.

Айта кетейік, осыған дейін Месси мен Роналдуға қатысты сот ісі қозғалған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама