Мэнни Пакьяо жекпе-жекке жарақатпен шыққан

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Getty Images

Спорттық мансабында жеңіліп көрмеген америкалық Флойд Мейвезерге қарсы жұдырықтасқан филиппиндік боксшы кездесу өтуге бір ай уақыт қалғанда оң иығын жарақаттап алған. Тіпті шаршы алаңға шықпау қаупі де төнген екен. Кейіннен дәрігерлер тексеруі қорытындысы бойынша, аса қауіпті саналмай, емін қабылдаған. Десе де Невада штатының спортшылар жөніндегі комиссиясы тезірек айығу үшін қолданылатын дәрілерге тыйым салған.

Филиппиндік боксшы жарақатына байланысты жақын уақытта иығына ота жасатуы мүмкін. Егер ота жасатар болса, 9 ай уақыт көлемінде шаршы алаңға шыға алмайды екен.

Айта кетейік, бүгін өткен Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекте америкалық боксшы төрешілер шешімімен  118-110, 116-112, 116-112 ұпай айырмасымен жеңген болатын. 

Ұқсас жазбалар

Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяоны ұпай айырмасымен жеңді

«Ғасыр жекпе-жегі» қандай баға алды? (видео)

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама