Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерімен теннис ойнады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Ақорданың баспасөз қызметі

Салтанатты кеш соңында Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисінен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебренді таныстырды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында бірнеше қазақстандық спортшы да арнайы шараларға қатысты. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов (дзюдо), Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров болды.

Президенттің екікүндік мемлекеттік сапары аяқталып, Орли әуежайында ресми шығарып салу рәсімі өтті. Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің Әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама