Мбаппе Еуропа чемпионатында тарихи голын салды

Manas Корреспондент
Фото ©️ x.com/equipedefrance

Франция мен Польша ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Мбаппе 56-минутта пеналтиді сәтті орындады, бұл айып добы Усман Дембелеге қарсы Якуб Кивердің жасаған фолы үшін белгіленген болатын. 

Бұл Мбаппенің Еуро-2024 турниріндегі алғашқы голы және Еуропа чемпионаттарында соққан карьерасындағы тұңғыш добы. Килиан 2020 жылғы Еурода Франция құрамасы сапында төрт матчке қатысты, бірақ ол кезде гол соға алмаған еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама