Майк Тайсон промоутерлік қызметке көшті

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

47 жасар Тайсон бүгінде Iron Man Productions деп аталатын промоутерлік компанияның басшылар қатарына қосылған. Бұл компания ертеректе Acquinity Sport деп аталған екен. Дегенмен, Майк бизнестегі әріптестерін компанияның атын өзгертуге көндірген. Ал Майк Тайсонның өзі бокстасып жүргенде, бұл промоутерлік ұжым Iron Mike яғни, «Темір Тайсон» деп аталған.

Компанияда бүгінде 18 боксшы бар. Олардың қатарында Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF) тұжырымында 59 келі салмақта өнер көрсететін әлемнің чемпионы, доминикандық Аренис Мендес, әлемнің экс-чемпионы, доминикандық Хоан Гузман және талантты америкалық боксшы Шэннон Бриггс бар.

Кәсіпқой бокстағы ғұмырын аяқтаған соң Майк Тайсон 2005 жылы бірнеше киноға түскен. Сондай-ақ ол түрлі бағыттағы бағдарламалардың да басты қаһарманы болған.

Айта кетейік, америкалық боксшы шаршы алаңда 58 кездесу өткізіп, оның 50-інде жеңіске жеткен. Оның 44-і нокаутпен аяқтаған. Алты мәрте Тайсон ұтылса, қалған екі кездесуіне ол қатыспаған. Спорттық және телевидениялық ғұмырынан өзге Майк Тайсон 1992, 1998 және 2008 жылдары тәртіпсіздігі үшін істі болған.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: lenta.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама