Маурисио Почеттино ПСЖ клубы тізгінін ұстады
Клуб пен жаттықтырушы арасындағы келісімшарт 2022 жылдың маусым айына дейін жасалған. Егер команданың нәтижесі көңіл көншітерлік болса тағы бір маусымға созатын болады.
"ПСЖ командасы тізгінін ұстау – зор бақыт. Маған сенім артқаны үшін алғысым шексіз. Бұл команданың менің жүрегімде алар орны ерекше. "Парк де Пренс" алаңындағы ерекше атмосфера мен айрықша сәттер әлі есімде" - деді Маурисио бірінші сұқбатында.
48 жастағы маман 2001-2003 жылдары париждік клубта ойнаған.