Мартин Мюррей өзін күш жағынан Головкиннен кейінгі екінші орынға қойды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

"Мен өз командаммен кеңесе отырып, бір салмаққа жоғарылауда шешім қабылдадым. Егер мүмкіндік туса, мен орта салмаққа әлі де кіре аламын. Мен орта салмақта күш жағынан Геннадий Головкиннен кейінгі екінші орындамын деп сенемін", - деді Мартин Мюррей.

"Бірақ әлемдік деңгейдегі боксшылар да бар, мен олармен супер орташа салмақта кездесе аламын. Ол Джордж Гроувз, Джеймс Дигейл мен Карл Фроч - бұлардың барлығы да тамаша боксшылар", - деді ол.

Еске сала кетейік, Монакодағы Salle des Etoiles аренасында 22 ақпанға қараған түні өткен жекпе-жекте WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта нокаутқа түсірген болатын. Головкин қарсыласын төртінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Қазақстандық оң қолымен Мюррейдің бүйірінен ұрды, ол екі сәтте де тізерлеп отырып қалды. Ағылшын боксшысы оныншы раундта да нокдаунға түсті. Ал он бірінші раундта Головкин қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама