Мария Шарапова мен оның автокөліктері

Қайсар Қауымбек Корреспондент

«Алғашқы мәрте мен Land Rover автокөлігін 15 жасымда көрдім. Содан бері мен бұл машинаға ғашықпын. Land Rover-дің дизайны да, жылдамдығы да жақсы. Мен қазір Land Rover көлігімен жүрін. Дегенмен Freelander 2 автокөлігіне қызығып жүрмін», - дейді Мария Шарапова.

 

 

"Басқа құрбыларыма қарағанда мен өз автокөліктерімді өз қаражатыма аламын. Кейбір адамдар: "Бұл қызға мұндай қымбат машинаны әкесі алып берген" деп жатады. Бұл кісілерге айтарым: "Жоқ. Мен барлық көліктерімді өзімнің еңбегіммен алғанмын" - дейді әлемнің экс-бірінші ракеткасы.

 

Мария жуырда ғана тағы бір автокөліктің иесі атанды. Ол Штутгардта өткен Masters турнирінің финалында Виктория Азаренконы ұтып, су жаңа Porsche 911 Carrera S көлігін жеңіп алды. 

 

Мария Шарапованың көліктер тізімінде TAG Heuer Tesla Roadster машинасы да бар. Бұл машинаны Мария 2010 жылы Женевада көліктің ресми таныстырылу барысында сатып алған. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:www.sports.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама