Мария Шарапова Индиан-Уэллс турнирінде топ жарды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Финалда ол жарыс кордында екінші нөмірмен өнер көрсеткен дат қызы Каролин Возняцкиді екі сетте тізе бүктірді. Ойынның есебі: 6:2, 6:2. Матч бір сағат 22 минутқа созылды. Сонымен, екі спортшы арасындағы текетірес есебі 5:2 болып, Шарапованың пайдасына шешілді.

Ресейлік қыз осы турнирдегі жеңісі арқасында өз қоржынын ақшамен ғана емес, ұпаймен де толтырып, әлемнің екінші ракеткасы атанып отыр. Шарапова осы турнирдегі 2006 жылдан кейінгі екінші жеңісі арқасында өз қалтасын 1 миллион долларға толықтырды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rus.ruvr.ru 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама