Мария Шарапова Australian Open турнирінің жартылай финалынан сүрінді
Шарапова жартылай финалдық матчта турнирдің алтыншы ракеткасы қытайлық Ли Намен кездескен болатын. Теннисшілер кордта 1,5 сағаттан астам уақыт өткізді. Ресейлік қыз алты қосарланған қателік жіберсе, Ли На біреуімен ғана көзге түсті. Нәтижесінде кездесу есебі 2:6, 2:6 болып, қытайлық қыздың пайдасына шешілді.
Осыған дейін, екі теннисші 12 рет кездесіп, оның сегізінде жеңісті ресейлік қыз тойлаған екен.
Енді Ли На финалда беларусьтік Виктория Азаренкомен кордқа шығады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sovsport.ru