Марио Балотелли Италия құрамасының тізіміне тағы да енбей қалды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Италиялықтар Әзірбайжан құрамасын 10 қазан күні өз алаңында қабылдаса, төрт күннен кейін сырт алаңда Мальта құрамасына қарсы ойнайды. Антонио Контенің командасы алғашқы ойында Норвегия құрамасын 2:0 есебімен ұтып, іріктеу кезеңін жеңіспен бастаған-ды. Балотелли ол ойынға да шақырту алмаған болатын.

Италия құрамасы сапында Әзірбайжан және Мальта құрамаларына қарсы ойынға шақырылған 26 футболшы:

Қақпашылар – Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Маттия Перин («Дженоа»), Сальваторе Сиригу («ПСЖ», Франция); 

Қорғаушылар – Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини, Анджело Огбонна (бәрі де – «Ювентус»), Андреа Раноккья («Интер»), Даниэле Ругани («Эмполи»);

Жартылай қорғаушылар – Альберто Аквилани, Мануэль Паскуаль (екеуі де – Фиорентина»), Джакомо Бонавентура, Маттия Де Шильо, Андреа Поли (бәрі де – «Милан»), Антонио Кандрева, Марко Пароло (екеуі де – «Лацио»), Маттео Дармиан, Алессандро Флоренци (екеуі де – «Рома»), Клаудио Маркизио («Ювентус»), Тиаго Мотта, Марко Верратти (екеуі де  – «ПСЖ»);

Шабуылшылар – Маттия Дестро («Рома»), Себастьян Джовинко («Ювентус»), Чиро Иммобиле («Боруссия», Дортмунд), Пабло Даниэль Освальдо («Интер»), Грациано Пелле («Саутгемптон», Англия), Симоне Заза («Сассуоло»).

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама