Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясына президент болды
36 жастағы маман 36 дауыстың 34-ін жинады. Нәтижесінде ҚФФ-ға жаңа президент болып сайланды. Онымен бәсекеге түскен Алтай Даумов 2 дауысқа ие болса, Ербол Қайров бірде-бір дауыс жинамаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған болатын. Ол 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында ҚФФ басшысы қызметінен кеткен еді.