"Манчестер Юнайтед" Англия лигасы кубогын жеңіп алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Ойындағы есепті 19 минутта Златан Ибрагимович ашты. Айып соққысынан асқан шеберлікпен тепкен добы қарсыластар қақпасында тулады. 38 минутта Джесси Лингард есепті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен Саутгемптон командасы екі голдан кейін шабуылын үдете түсті. Маноло Габбьядини дубль орындап, таразы басын теңестірді. Ойын аяқталар тұста Златан Ибрагимович "қызыл сойқандарға" жеңіс сыйлаған голды соқты. 

"Манчестер Юнайтед" өз тарихында үшінші рет Англия лигасы кубогын жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама