Махмұд Сабырхан екінші жекпе-жегінде де нокаутпен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы ширек финалда шриланкалық Жайната Кумарды жарыс жолынан шығарды. Махмұдтың екінші раундтағы жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут тіркелді.
Махмұд Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші кездесуінде Тайпей спортшысы Ян-Лин Лейге еш мүмкіндік бермей, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Жартылай финалда тай боксшысы Сукхет Сарабутпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалына 18 боксшымыз жолдама алды.