Махмұд Сабырхан әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады
54 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Махмұд қарсыласын айқын ұтты. Төрешілер 5:0 есебімен 20 жастағы қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.
1/8 финалда Махмұд Сабырхан шотланд боксшысы Мэттью Макхэйлмен жұдырықтасады. Жекпе-жек 31 қазан күні өтеді.
Айта кетейік, бүгін Айбек Оралбай (92 кило), Саматәлі Төлтаев (60 кило) және Асланбек Шымбергенов (71 кило) шаршы алаңға шығады.