Мағжан Шәмшәдин дзюдодан жастар арасында әлем чемпионы атанды
55 келі салмақ дәрежесіне дейін сынға түскен Мағжан Шәмшәдин қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңді. Финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лиді «иппон» әдісімен ұтты. Ал финалға дейін өзбекстандық Достон Рузиевтен, армениялық Ваган Ховсепяннан, әзірбайжандық Натиг Гурбанлиден, жартылай финалда грузиялық Ираклий Купанадзеден басым түсті.
Мағжан Шәмшәдин Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші әлем чемпионы. Осыған дейін Елдос Сметов 2010 жылы дәл осы салмақта (55 келі) жеңіс тұғырынан көрінген болатын.