Мадридтік "Реал" Versace-мен келісімге отырды

Ла Лига Корреспондент

«Корольдік клуб» аты әйгілі компаниямен бір жылдық келісімге қол қойып отыр. 2013/2014 маусымда аталған орталық өз киімдерін ұсынатын болады. 

Клубтың ресми сайты мәлімдеп отырғандай, мадридтіктер Чемпиондар Лигасының топтық кездесуінің төртінші туры аясында туриндік «Ювентусқа» қарсы Versace компаниясының киімімен аттанған... 

Ертеректе «Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың кезекті тізімін жариялаған болатын. «Корольдік клуб» соңғы жылдары ең көп табысқа кенелген. Соңғы жылдары команда 650 миллион доллар табыс тауып, соңғы үш жылда клубтың жалпы ақшалай түсімі 62 пайызға жоғарылаған.

Сонымен бірге, "корольдік Реал" клубының бренді өткен маусымның ең табысты футбол бренді болып танылған. "Forbes" журналының анықтауы бойынша, испандық команда өз маркалы өнімдерінің сауда-саттығымен 3,3 миллиард доллар табысқа кенелген.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: realmadrid.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама