Мадридтік дербиде «Реал» жеңіске жетті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Ойындағы үш голды да Криштиану Роналду соқты. 23 минутта командасын алға шығарды. 71 минутта пенальтиді сәтті орындады. 77 минутта хет-трик авторы атанды. Нәтижесінде мадридтік дербидегі ең үздік сұрмерген атанды. Қос команда арасындағы ойында португалдық ойыншы 18 голмен сұрмергендер көшін бастады.

ХІІ турдың қорытындысы бойынша «Реал» 30 ұпаймен көш басында келеді. Екінші орында – каталондық «Барселона». Олардың еншісінде 26 ұпай. Үштікке 24 ұпаймен «Севилья» еніп отыр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама