Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы белгілі болды
Мадияр Әшкеев келесі кездесуін 34 жастағы америкалық боксшы Шон Кэмеронға қарсы өткізеді. 2012 жылы кәсіпқой боксқа келген Кэмерон 12 кездесу өткізіп, 10 жекпе-жекте жеңіске жетіп (оның 5 нокаутпен жеңген), тек соңғы өткізген екі кездесуінде жеңілген.
Ал отандасымыз өз мансабында өткізген жеті кездесуде де жеңіске жетті (3 нокаутпен). Соңғы кездесуінде Мадияр 23 жастағы америкалық Маркус Бекфордты 6-раундқа жоспарланған жекпе-жекте ұпай айырмасымен ұтты.
Кездесу 15 сәуірде АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Коннектикутте болады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Мадияр Әшкеев әуесқой бокста "Astana Arlans" сапында бақ сынады. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастады. "Main Events" промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен жекпе-жектерге қатысып келеді. АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығады.