Мадияр Әшкеев Санта-Инестегі бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

10 раундқа белгіленген жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Отандасымыз төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті.

Мадияр кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. 6 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан. Жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бірі.

Айта кетейік, Санта-Инестегі бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шықты. Ол мексикалық боксшы Рамон Агинагиді нокаутпен жеңді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама