Мәди Құрманғожаев Абу-Дабиде алтын алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Нұрсұлтан Орынбасаров

Бразилиялық джиу-джитсу спорты Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі саналады. Осы спорт түрімен айналысатын отандастарымыз талай ірі додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Әсіресе, Абу-Дабиде өтетін дәстүрлі жарыста жүлдесіз оралмаған. 2016 жылы жас өрендеріміз 2 алтын 2 күміс 1 қола медаль жеңіп алған еді.

Биыл өтіп жатқан жарыста Мәди Құрманғожаев көк белбеулі спортшылар арасында жеңімпаз атанды. Осыған дейін бұл санаттағы сында қазақстандық спортшылар топ жармаған. Алғаш болып бұл жетістікті белгілі жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың шәкірті бағындырып отыр.

Мәди Құрманғожаев – талантты спортшы. Өткен жылғы додада қола жүлдегер атанса, 2015 жылы әлем чемпионы атанған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама