Луис Суарес «Барселонамен» бес жылдық келісімшартқа отырды
Луис Суарес Барселона қаласына медициналық тексеруден өту үшін келесі аптада келеді деп күтілуде. Жиырма жеті жастағы ойыншы «Барселонаға» ағылшындық «Ливерпуль» клубынан аусып отыр. Ол «Ливерпуль» сапында жүзден аса ойын өткізіп, жетпіске жуық голдың авторы атанған.
Сурес бұл туралы: «Ливерпуль» мені командадан жібермеу үшін бәрін де жасады. Бірақ Испанияда өмір сүру, футбол ойнау – менің арманым», - дейді.
Естеріңізге сала кетсек, Луис Суарес қазан айының аяғына дейін ресми ойындарға қатыса алмайды. Ол Әлем чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында италиялық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алған болатын. ФИФА тарапы спортқа тән емес мінез-құлық танытқаны үшін футболшыны төрт айға футболдан шеттетті. Сурес сондай-ақ, өзінің ұлттық құрамасының сапында алдағы сегіз ойынға қатыса алмайды.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: fcbarcelona.com