Жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған украиналық боксшы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) салмақ дәрежесіне тәуелсіз боксшылар рейтингінде Геннадий Головкинді басып озды, - деп хабарлайды WorldBoxingNews.net. Украиналық боксшы Василий Ломаченко12 мамырда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Хорхе Линаресті(44-4, 27 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA чемпиондық белбеуін иеленді.Соның нәтижесінде рейтингте бір саты жоғарылап,орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкинді (38-0-1, 33 КО) екінші орынға ығыстырды. Василий Ломаченко кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек қана өткізіп, үш бірдей салмақта чемпиондық белбеуді иеленген жалғыз боксшы. Айта кетейік, Геннадий Головкин WBN таңдауы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды. Бұл марапатқа 2013, 204 және 2015 жылдары да ие болған. Тек 2016 жылы ғана Василий Ломаченко үздік шыққан болатын. WBN нұсқасы бойыншаP4P рейтингісіндегі 10 үздік боксшы: 1 (2). Василий Ломаченко 2 (1). Геннадий Головкин 3 (3). Теренс Кроуфорд 4 (5). Майки Гарсия 5 (13). Энтони Джошуа 6 (4). Сауль Альварес 7 (9). Срисакет Сор Рунгвисаи 8 (6). Наоя Иноуэ 9 (16). Вангек Менайотин 10 (15). Александр Усик