WBO нұсқасы бойынша бірінші жеңіл салмақта әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) допинг-тесттен өте алмай, қазақстандық Геннадий Головкинмен реванш өткізуден бас тартқан мексикалықСауль Канело Альваресті мазақ етті, деп хабарлады Vesti.kz. Егер мен Мексикаға барсам ет жеймін, сөйтіп орта салмаққа өте аламын, - дедіЛомаченко журналистерге берген сұхбаты кезінде. Айта кетейік, биыл ақпандаАльварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Кейін оның командасыдопингтің ағзаға ет арқылы түскенін дәлелдеді, сөйтіпNSAC оны алты айға бокстан шеттетті. Допингке қатысты дау үшінАльварес Головкинмен екінші жекпе-жек өткізуден бас тартты, кездесу 5 мамырда өтуі тиіс еді. Бірақ ол күні Головкин америкалықВанес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутқа түсірді. Кейін Мартиросян Канелоға ақылын айтып, Головкиннен қаш, деді. Пойыз астында қалғандай болдым. Бір ғана емес, барлық соққысы сондай болды. Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған. Головкин - сұмдық панчер. Әрбір соққысы дәл әрі мығым болды. Головкин соққысының күшімен таңғалдырды. Канелоның әлгі етті не үшін жегенін түсіндім, - деді Мартиросян жекпе-жектен кейін.