Ілияс Сүлейменов қырғыз боксшысын жеңді

О Сансызбай Корреспондент

Қазіргі Азия чемпионы қырғыз былғары қолғап шебері де оңай шағылатын жаңғақ емес екенін алғашқы минуттардан-ақ байқатты. Үш раундта қос қарсыластың тең дәрежеде өнер көрсетуімен аяқталды. Төрешілер шешімі бойынша ринг иегері Ілияс Сүлейменов жеңімпаз болып танылды. Енді боксшымыздың ширек финалдағы қарсыласы - ағылшын Эндрю Селби.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін 60 келі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко қарсыластарын тізе бүктіріп, ширек финалға өткен болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама