"Ливерпуль" араға 30 жыл салып Англия чемпионы атанды
Матчтың 36-шы минутында Кристиан Пулишич есепті ашқан, екінші таймның басында "Манчестер Ситиің" ойыншысы Кевин де Брейне таразы басын теңестірді. 78-ші минутта Виллиан пенальтиден гол соғып, командасына жеңісті әперді.
Осылайша 86 ұпай жинаған "Ливерпуль" уақытынан бұрын Англия чемпионы атанды. Ал "Манчестер Сити" 63 ұпаймен екінші орында қалды. "Қалалықтар" ұпай саны бойынша көш басына жақындай алмайды. Үшінші орында әзірге "Челси" тұр.
"Ливерпуль" соңғы рет Англияда 1989/90 жылғы маусымда топ жарған. Араға 30 жыл салып "Ливерпуль" 19-шы чемпиондығына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша тек "Манчестер Юнайтедке" (20 мәрте чемпион болған) есе жіберіп тұр.
Tell the world…
We are Liverpool, champions of England. pic.twitter.com/altgWn1Wda
— Liverpool FC (Premier League Champions ????) (@LFC) June 25, 2020