Лионель Месси: «Криштиану Роналду бұл жүлдеге әбден лайық»

Шерхан Талап Корреспондент

Лионель Месси Goal.com сайтына берген сұхбатында Криштиану Роналдудың биылғы жылы клуб, құрама сапында жақсы өнер көрсеткенін, «Алтын допты» алуға әбден лайық болғанын атап өтті.

«Роналду биыл тамаша жылын өткізді. Бұл жыл тек Роналду үшін ғана емес, «Алтын допқа» үміткер атанған мен үшін де, Рибери үшінде сәтті өтті. Бұл сыйлықты қай ойыншы алса да лайықты болған. Әрине менің де «Алтын допты» алғым келді, бірақ бұған шағым айтпаймын. Роналду бұған әбден лайық. Білмеймін, егер мен жарақат алмағанда бәрі қиындап кетер ме еді. Ол менің Чемпиондар лигасындағы ойындарым туралы айтып өтті. Алдымыздағы жыл біз үшін жарақатсыз өтеді деп үміттенемін», - дейді Лионель Месси.

Аргентина құрамасының және каталониялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси бүгінге дейін «Алтын допты» төрт мәрте қанжығасына байлаған еді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама