Леонардо ПСЖ-дан кетті

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

«Біз әрине, Леонардоның қабылдаған бұл шешімін өкінішпен қабылдаймыз. Дегенмен, маманның шешімін сыйлайтынымыз да жасырын емес. Оның «ПСЖ» командасының Еуропада ең мықты ұжымдардың бірі болып қалыптасуы үшін төккен тері орасан болды. Сондықтан да біз Леонардоға рақметімізді айтамыз», - делінген париждік команданың бұл мәселеге байланысты ресми мәлімдемесінде.

Дегенмен, бұл мәлімдемеде Леонардоның не үшін команда қатарынан кетіп жатқаны туралы еш әңгіме қозғалмаған. Бірақ француздық басылымдар бразилиялық маманның бұл шешімін футболдан ұзақ мерзімге тыс қалуынан деп отыр.

Естеріңізде болса, мамыр айының соңында 43 жасар Леонардо «ПСЖ» мен «Валаньсен» командаларлың арасындағы ойында алаңдағы төрешіні итеріп жіберген болатын. Осы қылығы үшін Франция футбол қауымдастығы бұл маманды тоғыз айға футболдан шеттетіп жіберген. Ал шілде айында «ПСЖ» ұжымының шағымынан соң, жаза 13 айға созылып кеткен.

Айта кетейік, Леонарда «ПСЖ» командасының спорттық дирокторы қызметін 2011 жылдан бері атқарып келген. Ал оған дейін италиялық «Интер» мен «Миланның» бас бапкері қызметін атқарған.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама