Лэнс Армстронг туралы фильм түсіріледі
Кино түсіру үшін Paramount Pictures студиясы мен Джей Джейдің Bad Robot компаниясы спортшының өмір жолын кітап етіп жазу құқығын сатып алыпты. Кітапты The New York Times газетінің тілшісі Джульетта Макур жазуға бүгінде кірісіп те кеткен. Еңбектің аты – «Өтіріктер циклі немесе Лэнс Армстронгтың құлауы» деп аталады екен. Кітап толығымен аяқталып біткен соң, қос компания бұл еңбекті кино етіп те түсіретін болады.
Еретекте, негізі Лэнс Армстронг туралы киноны Sony Pictures компаниясы түсіруді ұйғарған болатын. Ол фильмде басты рөльді Джейк Джилленхолл сомдайтын еді. Дегенмен ол кино қиындықтардың барлығын жеңген қаһарман спортшы туралы фильм болатын. Армстронг допинг қабылдағанын мойындағаннан кейін бұл компания спортшы туралы киноны түсіруге үзілді-кесілді қарсы болып, шарнтамасын бұзуға мәжбүр болған.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: isport.ua