«Легия» жазасын алды
Естеріңізге сала кетсек, жерлестерімізге қарсы қарымта ойында жергілікті жанкүйерлер УЕФА-ны шошқаға теңеген сурет пен оған «футбол ешқандай рөл ойнамайды, ақшаның маңызы зор» деген жазу жазып шыққан болатын. Олардың мұндай қадамға баруы шотландиялық «Селтикпен» өткен екі ойынның нәтижесі себепкер болған-ды. Яғни, варшавалық клуб алаңға қатысуға рұқсаты жоқ ойыншыны шығарғаны үшін жазаға тартылған еді. «Легия» кешірімін қабыл алмаған УЕФА мен CAS басшылығына наразы болған жанкүйерлер өз өкініштерін осылай басып тынған-ды.
Владимир Газзаев шәкірттерінен қос кездесуде де басым түскен «Легия» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өткен. Олар "Металлист" (Украина), "Трабзонспор" (Түркия) және "Локерен" (Бельгия) клубтарымен бір топта өнер көрсететін болады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/EZt845BcBVo","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:sports.ru