Лебедев чемпиондық атағын қайтарып алуы мүмкін

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Джонстан алғаш рет үлгі биылғы жылдың мамырында Лебедевпен кездесу алдында алынған болатын. Сараптаманы Ресей антидопингтік агенттігі (РУСАДА) жасаған екен. Бірақ Джонсқа В үлгісін қайтадан тексерістен өткізу мүмкіндігі бар. Алайда ол жағдайда барлық шығынды спортшының өзі көтеруі тиіс. Сондықтан боксшыға 5-тамызға дейін ақырғы шешім қабылдауға уақыт бар.

Анықталғаны кездесу басталуға бірнеше сағат қалғанда Джонстың командасы допинг-тест тапсыруға қарсылық білдірген. Тек WBA жасаған қысымының арқасында ғана олар оны тапсыруға мәжбүр болған екен. Қазіргі кезде оның қанынан табылып отырған фуресемид құрамы әдетте спортшылар үшін салмақ қууға пайдаланатын тиым салынған дәрі-дәрмек болып табылады.

Естеріңізге салсақ, 17-мамыр күні Гильермо Джонс ресейлік Денис Лебедевті кездесудің 11-раундында техникалық нокаутпен жеңіп, нәтижесінде WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленген еді. Қазіргі кезде осы кездесу «жылдың басты жекпе-жегі» атағына да үміткер.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: championat.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама