Латвия Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

О Сансызбай Корреспондент

Марьян Пахарь жаттықтыратын құраманың тізіміне 22 футболшы енген. Қатарларында екі қақпашы, тоғыз қорғаушы, сегіз жартылай қорғаушы мен үш шабуылшы бар.  

Латвия құрамасы құрамы:

Қақпашылар: Александр Колинько ("Балтика", Ресей), Павел Штейнбор ("Гурник" Забже, Польша);
Қорғаушылар: Каспар Горкш (клубсыз), Виталий Максименко ("Брайтон", Англия), Виталий Ягодинский ("Говерла", Украина), Олег Тимофеев, Каспар Дубра, Антон Куракин (бәрі де - "Вентпилс"), Гинт Фрейманис ("Елгава"), Наурис Булвитис ("Арау", Швейцария), Владислав Габов ("Сконто");
Жартылай қорғаушылар: Артис Лаздиньш ("Елгава"), Артур Зюзин ("Балтика", Ресей), Александр Цауня («ЦСКА», Ресей), Александр Фертов (клубсыз), Олег Лайзан ("Енисей", Ресей), Ритварс Ругинс ("Вентспилс"), Андрей Ковалев ("Дачия", Молдова);
Шабуылшылар: Артем Руднев ("Гамбург", Германия), Эдуард Вишняков ("Видзев" Лодзь, Польша), Валерий Шабала ("Анортосис", Кипр).

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның соңғы жаңартылған рейтингінде 131-ші орында болса, Латвия құрамасы 100-ші орында тұр. 9 қыркүйек күні «Астана-Аренада» Қазақстанға қарсы өткізілетін ресми ойынға дейін Марьян Пахарь шәкірттері Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ол ойын 3 қыркүйекке жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 30 тамыз күні оқу-жаттығу жиындарын бастайды. 5 қыркүйекте Астанада Қырғызстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ал отандастарымызбен бір топта Латвиядан бөлек Нидерланды, Чехия, Түркия және Исландия құрамалары бар. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:kff.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама