Қызылорданың командасы ойынға шығудан бас тартпақ - себебі айтылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Фото профиля fckaysar_official fckaysar_official

Қызылордалық команданың ойыншылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмаған. 

ХХІІІ турда команда "Шахтерға" қарсы да алаңға шыққысы келмеген. Алайда клуб басшылығы арнайы кездесу өткізіп, ойыншыларды көндірген. Нәтижесінде, команда 5:1 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Команда мүшелері клуб басшыларына талап қойып отыр. Олар соңғы турдағы "Тұранға" қарсы ойынға дейін жалақыларын беруді сұраған. Өтемеген жағдайда Түркістандағы ойынға барудан бас тартпақ. 

Айта кетейік, "Қайсар" 23-турдан кейін 28 ұпай жинап, 8-орында келеді. Команда премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама