Қызылорданың жас таэквондошылары Ресейден жүлделі оралды

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент

Қазақстан құрама командасы олжалаған 1 алтын Қызылорда облысы спортшысының еншісінде. Жарысқа мықты деген 1500 спортшы 40 салмақ дәрежесінде қатысқан.

Халықаралық жарыста Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған жастар арасында сынға түскен №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Айнұр Есбергенова 52 келі салмақта чемпион атанды.

Жасөспірімдер арасында №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен Жібек Көпен +59 келіде күміс жүлдені иеленсе, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат спортшысы Айым Тоғман 51 келіде қола жүлдені иеленді.

Спортшылар сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады. 

сурет: dstadion.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама