Қызылордалық Аида Оңдаш Сербияда өткен турнирде жеңімпаз атанды

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент

Еліміздің жасөспірімдері мен ересек қыздар тәлімгерлерін қуантып, турнирді сәтті аяқтады. Бойжеткендер арасында өткен додада қазақстандық боксшылар жалпы есепте 3-орынды иелендi. Ал Қызылорда облысынан шыққан Әйгерім Ошақбай (57 кг), Назым Ещанова (60кг), Аида Әбікеева (64 кг), Баян Ақбаева (69 кг) және Аида Оңдаш (81) сынды спортшылар турнирдің жеңімпаздары атанды. 

Тағы екі спортшымыз екінші орынды қанағат тұтты. Ал жастар құрамасы барлығынан да көп жүлде алып, жалпы есепте бiрiншi орын алды. Отандық бокстың жастар арасындағы тобы жарыста жүлделер санымен өзге елден келген спортшыларды баса озып, жалпы есепте бірінші орынды еншіледі. Осылайша, Қазақстан делегациясы бiр қола және бiр алтын кубок, сондай-ақ, бас жүлде - IV Ұлт Кубогiн жеңiп алды.

Қызылордалық Аида Оңдаш финалда қытайлық спортшыны тізе бүктіріп, алтын жүлдені иеленді. 

сурет: sport-xl.org

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама