Қызылорда облысының әкімі Ильинге көлік сыйлады

О Сансызбай Корреспондент

Ел абыройын асқақтатқан Илья Ильинге облыс әкімі құрмет көрсетіп, миллиондаған жанкүйерлердің жүректерін қуанышқа бөлеген жеңіс үшін алғысын білдірді. Нағыз жігер мен табандылықтың арқасында келген жеңіс талай талантын ұштап келе жатқан жас буынға өнеге болғанын жеткізді. Қырымбек Көшербаев Ильинге жол талғамайтын темір тұлпар сыйласа, бапкері Тойшан Бектеміровке 10 000 АҚШ долларын табыстады. Сонымен қатар, облыс әкімі келер жылы Қызылордада халықаралық талаптарға сай Илья Ильин атындағы спорт кешенінің бой көтеретінін хабарлады.

Айта кетейік, Алматыда өткен дүбірлі додада Илья Ильин жаңа салмақта төртінші рет әлем чемпионы атағын иеленіп, серпе көтеруде 242 келіні еңсеріп, әлем рекордын орнатқан болатын. 

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама