Қытайлық режиссер 2022 жылғы Олимпиадаға арнап селфиден бейнебаян түсірмек

О Сансызбай Корреспондент

Қытайлық режиссер құрастырып шығатын бейнебаян мағынасы қысқы Олимпиаданың «аспан асты елінде» өткенін көксейтін көрінеді. Ал бейнебаяндағы селфилерге отандастарының үздік туындылары жинақталмақ. Қазіргі таңда Чжан Имоу селфилерді іріктеу жұмысына кірісіп те кетіпті.

- Мені адамдардың не істейтіні, әсіресе өздерін суретке немесе видеоға түсіретіні қызықтырады. Оны да бір өнер ретінде бағалауға болады. Кей туындылар кәсіби деңгейден артық болмаса, кем түспей жатады. Сондықтан осындай бейнебаян түсіруді қолға алдым, - депті режиссер басылымға берген сұқбатында.

Чжан Имоу 2008 жылы Қытайда өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатының қоюшы режиссері болған. Егер 2022 жылғы қысқы Олимпиада тағы қытай жерінде өтер болса, оның тағы да сахнаға қоюшы режиссер болары даусыз. Чжан Имоудың өзі де соған дайындық ретінде бейнебаян түсіріп, Олимпиаданың өз елінде өтуіне септігін тигізгісі келетінін жасырмаған.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Қытайдың Бейжің қаласы мен еліміздің Алматы мен Астана қалалары үмітті. Осыған дейін белгілі болғандай, Қазақстан мен Қытайдан өзге елдер өз ұсыныстарын кері қайтарған болатын. Халықаралық Олимпиада комитеті қай елдің ақ Олимпиаданы өткізетіні туралы нақты шешімді 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтетін 127-ші отырысында қабылдайтын болады.  

Сурет: 3news.co.nz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама